«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 69 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 69 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.